г. Алматы 21 сәуiр
Тек қана алға!

Еліміздің үлкен спорттық оқиғаларына аналар көптеп қатысып жатыр. Бұл біздің «Ана болу – сол атқа лайық болу» атты қозғалысымызды бұрынғыдан бетер қуантары сөзсіз. Өткен айларда көптеген тамаша және өте белсенді  аналар Алматыдағы екі жүгіруге, яғни, сәуір марафоны мен қазан  жартылай марафонына қатысты. Айтпақшы, екеуінде де біз демеуші болып, ФудМастер өнімдерін сыйға тартып, марафоншыларды жігерлі бимен шабыттандырдық және жанкүйерлерге толассыз қошемет сыйладық. Сондай-ақ, қатысушылардың ең адал жанкүйерлері болып табылатын күйеулері мен балаларын сырттарынан бақылап қайран қалдық, олар «Анам – чемпион!» деп мәнерлеп  хормен айқайлап жатты.

Аналар ғажайып төзімділік танытып,  жеңіске деген керемет ұмтылыстарын көрсеткен осы іс-шараларға байланысты эмоцияларды еске түсіруге шақырамыз. Сайт галереясына екі оқиғаның фотосуреттері жүктелген. Фотосуреттерден өздеріңізді, туыстарыңызды және жақын  таныстарыңызды көріп қалуларыңыз әбден мүмкін. Өзіңізге ұнаған фотосуреттерді жүктеп алып, #ОставатьсяСобой деген біздің дәстүрлі хэштегіміз арқылы әлеуметтік желілерде бөліссеңіз, керемет болар еді.

Барша аналарға өмірдің барлық саласында жеңіске жетулеріне тілектеспіз. Байланыста болайық!