Ана болу – сол атқа лайық болу!

Барлық аналарды біріктіретін қозғалысқа қосылыңыз. толық ақпарат алу
next

қозғалыс туралы

ЕҢ
ЖАҚСЫ АНА АТАНУ

20 жылдан аса уақыт бойы «ФудМастер» өзінің жақындарына ең үздікті таңдап, отбасына қамқор болатын аналарға көмектесетін дәмді әрі пайдалы өнімдер өндіріп келеді. Ана болу – ең құрметті әрі қиын кәсіп: туғандарыңызды демалыссыз сүйіспеншілікке, жылулық пен қамқорлыққа бөлеу керек.

ӨЗГЕРЕТІН
КЕЗ КЕЛДІ

Біз сіздердің сенімдеріңізді бағалап, сіздермен бірге өзгереміз. Сондықтан да «ФудМастер» жоғары сапалы өнімдер өндіретін компаниядан да артық нәрселерге ұмтылады. Кез келген ана үшін отбасынан артық ештеңенің жоқ екенін түсінеміз. Бірақ қазіргі әйелдер үшін әлемдегі ең жақсы ана болумен қатар өзін жеке тұлға ретінде ойдағыдай қалыптастыру да аса маңызды.

КӨП
ІС-ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІ

Қазіргі аналар көп іс-әрекетке қабілетті екеніне сенімдіміз. «Ана болу – сол атқа лайық болу» қозғалысының идеясы осылай туған, бұл қозғалыс Қазақстандағы барлық әйелдерді біріктіріп, олардың жеке тұлғасының жаңа қырын ашуға көмектеседі. Біз сіздер туралы, «ФудМастерді» таңдайтын аналар туралы, өзгеруге, жаңа іске дағдылануға, дамуға және өзінің бойындағы талантын паш етуге дайын аналар туралы әңгімелегіміз келеді.

АЛҒА
БІР ҚАДАМ ЖАСАУ

Шеберлік сабақтары, тренингтері, спорттық белсенді іс-шаралары, бонусты бағдарламалары мен сыйлықтары бар мұқият таңдалған шаралар жүйесінен тұратын «Ана болу – сол атқа лайық болу» қозғалысы – жеке тұлғаны өзгертуге ынталандыру, жаңа салада өзінің бағын сынап көруге, көптен бері ойлап жүрген арманын іске асыруға, алға қарай бір қадам жасауға берілген бірегей мүмкіндік.

«ФУДМАСТЕРМЕН» БІРГЕ

Бізге қосылыңыз, идеяларыңызбен бөлісіңіз, «ФудМастермен» бірге шабыт алыңыз, үйреніңіз, өзіңізді сынап көріңіз және өзіңізді жетілдірудің жаңа тәсілдеріне тәнті болыңыз!

Май 4, 2019 Алматы марафон 2019

Участвуй вместе с нами

толық ақпарат алу
Апрель 21, 2019 Только вперед!

Желаем всем мамам побед во всех сферах жизни

толық ақпарат алу
Инстаграмға жазылыңыз: @Foodmaster_kz, барлық жаңалықтар мен оқиғалардан құлағдар болып жүріңіз!